Украинада қатаң карантин енгізілді

8 Қаңтар 2021, 10:30
1164
Бөлісу:
Украинада қатаң карантин енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада қатаң карантин енгізіліп, мектептер, университеттер, сауда және ойын-сауық орталықтары, дәмханалар, барлар жұмысын тоқтатты. Қатаң карантин Украинада 24 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Сонымен қатар, ел үкіметі төтенше жағдай режимімен бірге жалпыұлттық карантинді 28 ақпанға дейін ұзартты. Бұл шаралар бұрын 2020 жылдың соңына дейін енгізілген болатын. 

ДДСҰ Украина үкіметінің шараларын сынға алған болатын. Ұйым Киевтің шешімі азаматтардың әл-ауқатына, сондай-ақ олардың медицина мен білімге қол жетімділігіне кері әсер етуі мүмкін дейді. 

Локдаун мектептер мен университеттерді жабуды көздейді, бірақ балабақшалардың жұмысы жалғасады. Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сонымен қатар кез келген базарлардың жұмыс уақыты шектеледі. 

Көңіл көтеру және мәдени мекемелердің жұмысына да толықтай тыйым салынған. Сауда ойын-сауық орталықтарына келушілерді қабылдауға рұқсат етілмейді, тек маңызды тауарларды: тамақ, дәрі-дәрмек, гигиена құралдары, байланыс құралдары, ветеринариялық препараттар мен жануарларға арналған жем, сондай-ақ жанармай сатып алғысы келетіндерден басқа. Дәмханалар, барлар мен мейрамханалар жұмысын жалғастырады, бірақ тек алып кету режимінде, қонақ үйлердегі мейрамханалардың жұмыс уақытына да шектеулер қойылады. 

Украина үкіметі банктерге, пошта бөлімшелеріне, техникалық қызмет көрсету станцияларына, ветеринарлық клиникаларға, жанармай құю станциялары мен қонақ үйлерге жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Шаштараздар мен сұлулық салондары клиенттердің алдын ала жазылуы бойынша жұмысын жалғастыра алады. Кино өндірісінің жұмысына да шектеулер қойылмады. 

Бүгінгі күні Украинада коронавирустың 1,12 миллион жағдайы тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы