Украина өз азаматтарына Ресейге кіру тәртібін өзгертті

1 Наурыз 2020, 11:20
1374
Бөлісу:
Украина өз азаматтарына Ресейге кіру тәртібін өзгертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина азаматтары 1 наурыздан бастап Ресейге тек шекаралық төлқұжат арқылы кіре алады.

Бұл туралы Украинаның Уақытша отарланған территориялар және тұлғалардың ішкі жер аудару мәселелері жөніндегі министрлігі ескертті.

Бұған дейін украиналықтар Ресей шекарасына ішкі құжат немесе туу туралы төлқұжат арқылы кіре алатын. Бұл Мәскеу мен Киев арасындағы визасыз режимге сәйкес болатын. Жаңа ережелер 2019 жылдың 18 желтоқсанында шығарылған Украина Үкіметінің қаулысында бекітілген.

1 наурызға дейін Ресейге ішкі құжатпен кірген украиналықтар сол құжаттарымен елге орала алады.
Өзгелердің жаңалығы