Украина үкіметі отставкаға кетті

4 Наурыз 2020, 08:53
990
Бөлісу:
Украина үкіметі отставкаға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 наурыз күні Украина премьер-министрі Алексей Гончарук Жоғарғы Рада төрағасының атына қызметтен босату туралы өтініш жазды, деп хабарлайды Ukrinform.ru.

Бұл жөнінде журналистерге "Слуга народа" фракциясының мүшесі, депутат Александр Качура хабарлады.
Иә, бүгін оның өтініші бізге келіп түсті, - деп атап өтті Качура.
Айта кетейік, бұған дейін ел президенті Владимир Зеленский "Слуга народа" фракциясының отырысында Украина премьер-министрі Алексей Гончарукты отставкаға жіберіп, оның орнына Денис Шмыгальды тағайындауды ұсынған.

Ол жайында Александр Качура өзінің Telegram парақшасында жазды.

"Слуга народа" депутаттық фракциясы 3 наурыздағы отырысында Алексей Гончаруктың өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде журналистерге халық қалаулысы Александр Дубинский хабарлады.


Өзгелердің жаңалығы