Украина Олимпиада ойындарын өткізуге ниетті

5 Қаңтар 2021, 17:52
2471
Бөлісу:
Украина Олимпиада ойындарын өткізуге ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Украина 2030 немесе 2032 жылы Олимпиада ойынын өткізе алады. 10 жылдан кейін Украинада мұндай жарыстарды өткізуге инфрақұрылым жеткілікті түрде дамиды. Бұл туралы Украина Жастар және спорт министрі Вадим Гутцайт айтты. 

Біз 2030 бен 2032 жылды жоспарлап отырмыз және бұл ойындардың қанша тұратынын бағалаудамыз. Негізінен Қысқы олимпиадалық ойынға басымдық берудеміз. Оған қоса Балалар олимпиадалық ойынын және ересектердің Олимпада ойынын қарастырудамыз, - дейді ол. 

Оның айтуынша, ел үкіметі қазір олимпиада ойындарын өткізетін орынды талқылап жатыр. 

Олимпиаданы өткізу біз үшін үлкен мақсат. Соған қарап біз инфрақұрылымды дамытамыз, оның жұмысына жұмысшыларды көптеп тартамыз, бұл адамдардың шетел асып кетуін тоқтатады. Сондай-ақ бізге келетін туристер ағыны артады, - дейді Гутцай.

Айта кетсек, Түркия да 2032 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге ниет білдіріп отыр. Сондай-ақ инфрақұрылым бойынша барлық талаптарды орындағанын мәлімдеуде.

Өзгелердің жаңалығы