Украина НАТО елдерінің технологиялық әріптестік бағдарламасына мүше болды

13 Шілде 2022, 21:17
1465
Бөлісу:
Украина НАТО елдерінің технологиялық әріптестік бағдарламасына мүше болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина НАТО-ның көпжақты өзара әрекеттесу бағдарламасының /MIP/ қауымдасқан мүшесі болды, оның аясында альянсқа мүше елдер технологиялық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Бұл туралы сейсенбіде Укрина Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Украина MIP-тің қауымдасқан мүшесі ретінде командалық-басқару жүйелерінің өзара әрекеттесуіне және тиісті стандарттарға қатысты НАТО-ның негізгі стандарттарын бірлесіп әзірлеу және өзгерту құқығына ие болды.

Украина Қорғаныс министрлігінің басшысы Алексей Резников ел қуатты IT әлеуетінің арқасында альянстың ұжымдық қауіпсіздігін дамытуға үлес қоса алатынына сенім білдірді.

MIP – НАТО-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштеріне арналған технологиялық ынтымақтастық бағдарламасы.

Өзгелердің жаңалығы