Украина Иранда құлаған ұшақ ісін "қасақана кісі өлтіру" бабымен тексереді

14 Қаңтар 2020, 00:24
1987
Бөлісу:
Украина Иранда құлаған ұшақ ісін "қасақана кісі өлтіру" бабымен тексереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина қауіпсіздік қызметі Иранда құлаған ұшақты қылмыстық істің үш бабы бойынша тексереді. 

Біріншісі - "қасақана кісі өлтіру", екіншісі - "қозғалыс қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережесін бұзу", үшіншісі – "мүлікті қасақана жою" баптары.

Айта кетейік, 8 қаңтар күні Тегераннан Киевке бет алған Украина халықаралық авиациясына тиесілі PS752 рейсі көкке көтерілісімен екі минут өткенде апатқа ұшыраған болатын. Өкінішке қарай, апат салдарынан бортта болған 176 адамның ешқайсысы тірі қалмады.

Бұған дейін, Иран әуежайы Тегеран маңындағы украиналық ұшақ апатының себебін түсіндірді. Олар Тегерандағы жолаушылар ұшағының құлауына қозғалтқыштан шыққан өрт себеп болғанын мәлімдеді. Алайда, 11 қаңтар күні Иран Украина ұшағын байқаусызда атып құлатқанын мойындады.

Өзгелердің жаңалығы