Украина бойынша келіссөздер Иран қақтығысына байланысты тоқтап тұр

АҚШ қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы жағдайға басымдық беріп отыр,

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 07:48
Бүгiн 2026, 07:48
174
Фото: depositphotos.com

Украина мәселесі бойынша келіссөздердің қайта басталу перспективасы көбіне Иран төңірегіндегі жағдайдың қалай өрбитініне байланысты. Бұл туралы ТАСС агенттігі дипломатиялық ортадағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, АҚШ қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы жағдайға басымдық беріп отыр және Украинадағы ахуалды бейбіт жолмен реттеу мәселесіне толыққанды көңіл бөлуге дайын емес.

«Вашингтон қазір Иран төңірегіндегі дағдарысқа терең араласып кеткен. Сондықтан Украина бойынша келіссөздер іс жүзінде тоқтап тұр», – деген агенттік сұхбатшысы.

Оның пікірінше, Иранға қатысты қақтығыс белгілі бір логикалық шешімін таппайынша, АҚШ-тың басқа да ірі халықаралық мәселелерге белсенді араласуы қиын болады.

Сондай-ақ дереккөз Иран дағдарысының қашан аяқталатынын болжау мүмкін емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бірнеше күнде де, бірнеше айда да шешілуі ықтимал.

Наверх