Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беремін – Президент

14 Шілде 2022, 12:03
1976
Бөлісу:
Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беремін – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында мәлімдеді.

Өзі төрағалық еткен кеңейтілген отырыста Президент Үкіметтің жұмысына шүйлікті. 

Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сонымен қатар ол кадрлық шешім қабылдайтын кез келгенін ескертті. 

Қазақстанда экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ, олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті, - дейді Мемлекет басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев автожол саласын сынға алып, реформа жасау қажеттігін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы