Үкіметтің есептеуінше қазақстандыққа ай сайын қанша ақша қажет?

14 Қараша 2022, 11:01
3250
Бөлісу:
Үкіметтің есептеуінше қазақстандыққа ай сайын қанша ақша қажет?
Фото: tengrinews.kz

Қазан айында елде ең төменгі күнкөріс деңгейі 48,1 мың теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,1%-ға көп. Ал ел бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі қай аймақта екен, бір сарала шықсақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Finprom.kz сайтының мәлімітінше,  2021 жылдың қазан айында көрсеткіш 41,1 мың теңге болған, бір жылда  13,6%-ға ұлғайды.

Үкіметтің есептеуінше қазақстандыққа ай сайын қанша ақша қажет?

Өңірлік бөліністе ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында тіркелді: 60,8 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 26,7%-ға көп.

Екінші және үшінші оында Астана (52,6 мың теңге) және Алматы (51,5 мың теңге) иеленді. Топ-5-ке Шығыс Қазақстан (50,1 мың теңге) және Ақмола (48,1 мың теңге) облыстары да кірді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.

Үкіметтің есептеуінше қазақстандыққа ай сайын қанша ақша қажет?

Жасы бойынша ер адамдар мен ұлдар арасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 1-3 жас аралығындағы балалар үшін (37,3 мың теңге), ең үлкені — 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін (60,1 мың теңге) тіркелді.

Қыздар мен әйелдердегі жағдайға келетін болсақ: ең төменгі күнкөріс деңгейі 1-3 жастағы балалар үшін (36,5 мың теңге), ең үлкені — 14-17 жастағы қыздар үшін (46,1 мың теңге) белгіленді.

Барлық жас санаттағы ұлдар мен ерлердің күнкөріс деңгейі қыздар мен әйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Биыл қазан айында жас санатына байланысты ерлердің пайдасына айырмашылық 2,1%-дан 30,5%-ға дейін болды.

Үкіметтің есептеуінше қазақстандыққа ай сайын қанша ақша қажет?
Өзгелердің жаңалығы