Үкіметте жанар-жағармаймен қамту мәселелері талқыланды

16 Ақпан 2023, 12:15
774
Бөлісу:
Үкіметте жанар-жағармаймен қамту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның ішкі нарығын жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Атап айтқанда, егіс науқанының қарсаңында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыру, делдалдық схемалардың алдын алу, сондай-ақ жалпы сауда-саттықтың ашықтығын арттыру шаралары қаралды.

Талқылауға Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылары қатысты.
 
 Премьер-Министр өндірушілерің ішкі нарыққа жанар-жағармай материалдарын үздіксіз жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ кез келген жағдайға уақытылы жедел әрекет ету үшін қорлар мен сатылымдарға тұрақты режимде мониторинг жүргізу қажеттігіне назар аударды.
 

Өзгелердің жаңалығы