Үкіметте Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту мәселесі қаралды

15 Қазан 2022, 13:56
1041
Бөлісу:
Үкіметте Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту мәселесі қаралды
PHOTO

Үкіметте Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Су саласын реформалау жөніндегі республикалық кеңеске дайындық барысы қаралды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама жобасында су шаруашылығы инфрақұрылымы мен табиғи су объектілерін қалпына келтіру, су үнемдеуді экономикалық ынталандыру, мониторинг жүйесін дамыту, кадрлар даярлауды жақсарту және т.б. іс-шаралар көзделген. 

Үкіметте Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту мәселесі қаралды

Сонымен қатар Қазақстанның су кеңесінің кезекті отырысы барысында алдағы Республикалық кеңесте елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар пакеті қаралатыны атап өтілді. 

Үкіметте Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту мәселесі қаралды

Атап айтқанда, су ресурстарын басқарудағы ғылымның рөлін арттыру, су заңнамасын жетілдіру және ұлттық жобаларды іске асыру қаралмақ. 

Өзгелердің жаңалығы