Үкіметте «Қазақстанның Даму банкін» реформалаудың жай-күйі талқыланды

21 Ақпан 2022, 10:28
1105
Бөлісу:
Үкіметте «Қазақстанның Даму банкін» реформалаудың жай-күйі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-министр Әлихан Смайылов «Қазақстанның Даму банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Реформалау аясында ҚДБ еліміз үшін стратегиялық және экономикалық маңызы бар, өтелу мерзімі ұзақ ауқымды әрі капиталды көп қажет ететін инвестициялық жобаларды, сондай-ақ индустриялық өндірістерді қаржыландыруға көбірек бағдарланады деп жоспарланып отыр.

ҚДБ жаңа өндіріс орындарын құру жобаларын қаржыландыруға маңыз беруі тиіс. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру мен цифрландыру және Банк қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет, — деп атап өтті Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы