Үкіметте мұнай және жолаушылар әуе тасымалы нарығындағы монополияға қарсы ұсыныстар қаралды

23 Ақпан 2023, 09:19
954
Бөлісу:
Үкіметте мұнай және жолаушылар әуе тасымалы нарығындағы монополияға қарсы ұсыныстар қаралды
Фото: primeminister.kz

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында мұнай өнімдерін өндіру саласы және жолаушылар әуе тасымалы нарығында монополияға қарсы жаңа шараларды іске асыру жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен мұнай өңдеу зауыттарының бірінде техникалық сервистің негізгі функцияларын аутсорсингтен кәсіпорынның өзіне қайтару мәселелері талқыланды.

Үкіметте мұнай және жолаушылар әуе тасымалы нарығындағы монополияға қарсы ұсыныстар қаралды

Бұл аталған қызметтерді орындауға араласатын артық делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар отырысқа қатысушылар заңнамадағы кемшін тұстардың есебінен билет құнының негізсіз өсуін болдырмауға мүмкіндік беретін жолаушылар әуе тасымалы саласындағы шараларды қарастырды.

Үкіметте мұнай және жолаушылар әуе тасымалы нарығындағы монополияға қарсы ұсыныстар қаралды

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті органдарға бекітілген шешімдерді іске асыру үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы