Үкімет Тоқаевтың тапсырмаларын осы жолы дәл уақытында орындауға сөз берді

2 Ақпан 2021, 11:04
1524
Бөлісу:
Үкімет Тоқаевтың тапсырмаларын осы жолы дәл уақытында орындауға сөз берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы уақытылы әрі дәл орындалуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Тоқаев бірқатар нақты міндет қойды. Экономикалық белсенділікті тез арада қалпына келтіру, инвестицияларды серпінді тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу - біздің жұмысымыздың басты басымдығы болуы тиіс. Қазақстандықтардың нақты табыстары мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған реформалардың жалғасы болып табылатын көптеген мәселе қозғалды, - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру бойынша арнаулы іс-шаралар кешені әзірленген.

Жауаптылар мен орындау мерзімдері анықталды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын қосымша қаржылық қамтамасыз ету бюджетті нақтылау кезінде және үшжылдық бюджет жобасын дайындау барысында ескеріледі. Бұл ретте Қаржы министрлігі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, қажетті құжаттардың уақытылы қабылдануын және барлық рәсімдерді жүргізуді қамтамасыз етуі керек. Бізді алдымызда маңызды мақсаттар мен нақты міндеттер тұр. Оларды іске асыру мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің үйлесімді және тиімді жұмысына байланысты. Президенттің барлық тапсырмалары уақытылы әлі дәл орындалуы тиіс, - деді вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы