Үкімет су тапшылығын шешу үшін қандай жұмыс атқарып жатыр?

30 Қаңтар 2024, 11:07
412
Бөлісу:
Үкімет су тапшылығын шешу үшін қандай жұмыс атқарып жатыр?
VIDEO
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағы 2,5 млн гектарға ұлғайтылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайту мақсатында 20 су қоймасын салу, 15 су қоймасын реконструкциялау, 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдарды жаңғырту және гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау бойынша бірқатар шұғыл іс-шара көзделіп отыр.

Сіздердің қарауларыңызға 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы шығарылады. Жалпы алғанда, экономиканың су секторындағы жағдай мемлекеттің су шаруашылығы саясатын және саланы басқаруды түбегейлі жетілдіруді, қалыптасқан құрылымды қайта қарауды, су шаруашылығы субъектілерінің функцияларын бөлуді, экономикалық қатынастардың жаңа тетіктерін әзірлеуді талап етеді, - деді министр.

Нұржігітов жоспарланған тәсілдерді іске асыру суды тасымалдау кезінде өнімсіз шығындарды 50-ден 25 пайызға дейін азайту арқылы 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін айтады.

Қолда бар су ресурстарын 2,4 текше шақырымға ұлғайтуға, сондай-ақ экономика салаларын кепілдендірілген сумен қамтамасыз ету үшін гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға мүмкіндік береді, - деді Нұржан Нұржігітов.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы