Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіледі

13 Желтоқсан 2023, 22:28
745
Бөлісу:
Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіледі
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады. BAQ.KZ бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат есептеу, оларды төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының 1-бабының 16-тармағына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасының жаңа редакциясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» атауы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті» болып өзгертілді.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен ағымдағы жылдың 27 желтоқсанына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14845896 бойынша «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы