Тоқаев Үкіметтің отставкасына қатысты қаулыға қол қойды

15 Қаңтар 2021, 10:06
1780
Бөлісу:
Тоқаев Үкіметтің отставкасына қатысты қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулыға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                           Қ.Тоқаев

Өзгелердің жаңалығы