Үкімет марқұмдардың рухына тағзым етті

13 Маусым 2023, 10:10
845
Бөлісу:
Үкімет марқұмдардың рухына тағзым етті
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай обылсындағы өрттен қаза болған азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, Абай обылсында алапат өрт шығып бірқатар елді мекенге қауіп төндірді. Тұрғындар эвакуацияланды. Семейде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Өрт сөндіру шараларын бақылау үшін Мемлекет басшысы өзінің шетелдік сапарын тоқтатты. Үлестіру штабының отырыстары үнемі өткізіліп тұрды. Өкінішке қарай адамдар қаза тапты. Біз орман өртіне қарсы тұрған 14 адамнан айырылып қалдық. Үкімет атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Бір минут үнсіздікпен марқұмдардың рухына тағзым етуді ұсынамын, - деді Смайылов.

Премьер-министр өрттен қаза болғандардың отбасыларына тағы қандай қолдау көрсетілетінін айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза болғандардың отбасыларына келесі қолдау шаралары көрсетіледі:

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;

отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;

қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;

БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелік жүктемесі анықталады

Өзгелердің жаңалығы