Үкімет экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама әзірледі

8 Ақпан 2022, 11:21
1936
Бөлісу:
Үкімет экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама әзірледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Премьер-министр Тоқаев берген 108 тапсырманың  32 тапсырмасы аяқталуға жақын екенін айтты. 

Атап айтқанда,  Халықтың табысын арттыру бағдарламасын  және Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеу,  сондай-ақ  квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша  нақты жұмыстар атқарылады. Қалған 32 тапсырма жүйелі сипатқа ие және қойылған мерзімдерде орындалады, - деп айтты Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Президенттің тапсырмасы бойынша «Жаңа экономикалық бағыт. Бірінші қадам. 2022 жыл» атты іс-қимыл бағдарламасын әзірленгенін атап өтті.

Ол  Президент тапсырмаларын орындауға,  сондай-ақ Ұлттық даму жоспары мен  басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы