Үкімет басшысы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді оңалтуға көңіл бөлуді тапсырды

18 Қазан 2022, 11:12
1019
Бөлісу:
Үкімет басшысы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді оңалтуға көңіл бөлуді тапсырды

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін кешенді түрде шешу қажет. Барлық қадамдар мен жаңа тәсілдерді, әсіресе, заңнамалық сипаттағы шараларды алдымен қоғамның талқысына салу қажет. Бұл тұрғыда мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылардың бірыңғай ұстанымы қажет. Әлемдік тәжірибені де ескерген жөн, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар ол қоғамдағы мұндай қылмыстарды азайту үшін нені қолдану керектігін айтты. 

Қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу атмосферасын қалыптастыру үшін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды оңалту мәселесіне көңіл бөлу керек. Оларға тек медициналық қана емес, білікті мамандардың психологиялық, құқықтық көмегі де қажет. Өңірлерде дағдарыс орталықтары мен уақытша бейімдеу мекемелері жетіспейді. Жақында Ведомствоаралық комиссия отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша үйлестіруші мемлекеттік органды анықтау туралы шешім қабылданды. Бұл жұмысты тездету керек, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы