Үкімет басшысы жылдық экономикалық өсім туралы есеп берді

11 Қазан 2022, 10:47
1307
Бөлісу:
Үкімет басшысы жылдық экономикалық өсім туралы есеп берді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың нақты өсуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  2,8%-ға жетті. Нақты сектордың даму қарқыны жақсы. Өңдеу өнеркәсібінде өсім – 4,6%.  Машина жасау саласында – 7,5%, оның ішінде автомобиль жасауда – 18%. Химия өнеркәсібінде – 11%, жеңіл өнеркәсіпте – 10%-т, металлургияда - 5% және мұнай өңдеуде 4% өсім тіркеліп, оң динамика байқалуда. Құрылыс саласының  өсу қарқыны жоғары –  5,1%. 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Премьердің мәлімдеуінше, биыл ауыл шаруашылығының да өсу қарқыны жоғары – шамамен 7%.

Қызмет көрсету секторы 2%-ға өсті. Сауда – 4%-дан астам,    көлік 5%-ға және байланыс 7%-ға жуық өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі  7%-ды құрады. Оның ішінде білім беру, сауда, құрылыс салалары мен тау-кен өнеркәсібінде    көрсеткіштер жоғары. Өңірлер арасында 9 айдағы негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалалары көш бастап келеді, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы