Үкімет басшысы: Ұлттық қордан тартылатын қаржыны 1,4 трлн теңгеге азайттық

10 Қараша 2022, 12:50
5101
Бөлісу:
Үкімет басшысы: Ұлттық қордан тартылатын қаржыны 1,4 трлн теңгеге азайттық

Бұл туралы бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сіздерге бюджет жобасын қарау мен талқылау кезінде белсенді жұмыстарыңыз үшін үлкен алғысымызды айтамыз. Биыл үшжылдық бюджет қалыптастыру өте күрделі макроэкономикалық жағдайда жүргізілді. Соған қарамастан біз келесі жылы Ұлттық қордан тартылатын қаржыны 1,4 трлн теңгеге азайттық. Бюджеттің өз табыстарын 3,7 трлн теңгеге ұлғайттық және бюджет тапшылығы 3,3 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеттік.  Осы саясатты әрі қарай жалғастыру керек деп ойлаймын, - деп атап өтті Премьер-министр. 

Еске сала кетейік, бүгінгі Сенат отырысында депутаттар 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы және алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобаларын қарады. Отырыс барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров алдағы 3 жылда республикалық бюджеттің шығыстары ұлғаятыны туралы айтқан болатын. Министр 2023–2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері бюджет саясатының кіріс базасын толықтырудың жаңа көздерін жинақтау және бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру бағдарын ескере отырып айқындалғанын алға тартты. 

Өзгелердің жаңалығы