Үкімет басшысы: Ревакциналау елорда мен Атырау облысында өте төмен

22 Ақпан 2022, 09:45
878
Бөлісу:
Үкімет басшысы: Ревакциналау елорда мен Атырау облысында өте төмен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов елдегі эпидемиологиялық ахуалды оңалтуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар ол ревакцинация деңгейі төмен аймақтарға тоқталды. 

Қазір елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. 

Өңірлердің көпшілігі «жасыл аймақта». Дегенмен, эпидемиологиялық жағдайға одан әрі мониторинг жүргізу қажет, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар ол қайта екпе салуға қатысты әкімдіктердің жұмысы саябырсымауы тиіс деп отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша санитарлық талаптарды жеңілдету шаралары қабылданып жатыр. Соған қарамастан әкімдіктер вакциналау мен ревакциналау жұмысын жалғастыруы тиіс. Өңірлерде вакцина қоры жеткілікті. Ревакциналау елордада және Атырау облысында өте төмен. Көш соңында қалған өңір әкімдері осы мәселені ерекше бақылауға алсын, - деді Премьер-министр. 

Өзгелердің жаңалығы