Үкімет басшысы қанша адамның жалақысы өскенін айтты

12 Қаңтар 2023, 16:53
895
Бөлісу:
Үкімет басшысы қанша адамның жалақысы өскенін айтты

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында қанша адамның жалақысы өскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік көмек уақытылы төленіп келеді. Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалған шығыстар  4,4 трлн теңге болды. Бұл – республикалық бюджеттің 24%-ы. 2022 жылы ынтымақты және базалық зейнетақы мөлшері 2 рет сәйкестендірілді, - деді Үкімет басшысы алқа отырысында.

Смайылов атап өткендей, аз қамтылған 724 мың азаматқа атаулы әлеуметтік көмек берілді. Сонымен қатар жұмыс істейтін халықтың табысын арттыру бағытында да жүйелі шаралар қабылданып жатыр.

Атап айтқанда, азаматтық қызметшілердің жалақысын кезең-кезеңмен арттыру жалғасып келеді. Былтырдың басынан бері білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік саладағы және басқа да 1,2 млн қызметкердің жалақысы көтерілді. Сонымен қатар 2022 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, - деп түсіндірді ол.

Айтуынша, бұл өзгеріс 1,6 млн жұмыскердің табысына оң әсерін берді. Ал биылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгені құрады.

Өзгелердің жаңалығы