Үкімет басшысы министрлерге тапсырма берді

17 Мамыр 2022, 12:42
1361
Бөлісу:
Үкімет басшысы министрлерге тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Бірінші, Индустрия министрлігі әкімдіктермен, «ҚазАвтоЖол»-мен бірлесіп, жоспарланған жобаларды уақытында пайдалануға беруді және бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етуі қажет. Құрылыс маусымын    барынша тиімді пайдалану өте маңызды. Екіншіден, құрылыс жұмыстарын үзіліссіз жүргізу үшін Энергетика министрлігі мен «Қазақстан Теміржолы» құрылыс компанияларын қажетті мөлшерде битуммен және инертті материалдарды жеткізу үшін теміржол вагондарымен қамтуы тиіс, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сондай-ақ жыл соңына дейін автожолдардың жоспарланған учаскелерінде ақы төлеуді енгізе отырып, өзін-өзі қамтамасыз етуге көшіру жұмысын аяқталуы тиіс деп отыр. Бұл өз кезегінде автожолдарды нормативтік жағдайда күтіп-ұстап тұруға мүмкіндік береді. 

Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын  жаңғырту жұмыстарын сапалы жүргізіп, 2026 жылға қарай олардың барлығын Ұлттық  стандартқа сәйкестендіру керек. Сондықтан әкімдіктер қызмет көрсету нысандарын салу үшін автомобиль жолдары бойында жер бере отырып, осы бағытты дамыту жұмыстарын жандандырсын. Ұлттық экономика министрлігі Қаржы және Индустрия министрліктерімен бірлесіп, бекітілген жобалық-сметалық құнынан асатын жобаларды қосымша қаржыландыру тетігін әзірлесін, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы