Үкімет басшысы медициналық сақтандыруға қатысты қаражатты реттеуді тапсырды

21 Қыркүйек 2022, 09:54
1284
Бөлісу:
Үкімет басшысы медициналық сақтандыруға қатысты қаражатты реттеуді тапсырды

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ерекше назар аударатын бірқатар өзекті мәселеге тоқталғым келеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты халықтың тарапынан түсіп жатқан арыз-шағымдар көп. Бірінші кезекте, дәрігерлік көмектің көлемі жеткіліксіз деп шағым айтуда. Денсаулық сақтау министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, биылғы 1 қарашаға дейін оларды қаржыландыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын, - деді Премьер-министр.

Сонымен қатар ол ана мен бала өлімінің көрсеткіштері нашарлап кеткеніне тоқталды.

Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері нашарлап кетті. Бұл шұғыл шаралар қабылдауды және әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізуді талап етеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы оңалту көмегін көрсетуге  ерекше назар аудару қажет. Өңірлермен бірлесіп, заманауи перинаталдық орталықтар салу, балалар ауруханаларын қазіргі заманғы диагностикалық және оңалту жабдықтарымен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдау қажет, - деді Әлихан Смайылов. 

Өзгелердің жаңалығы