Үкімет басшысы «KAZAKH INVEST» Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

9 Желтоқсан 2022, 09:35
725
Бөлісу:
Үкімет басшысы «KAZAKH INVEST» Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Биыл «KAZAKH INVEST» қолдауымен жалпы сомасы 4,1 млрд долларға шетелдіктердің қатысумен 45 жоба пайдалануға беріледі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыста 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Корпоративтік басқару кодексінің жобасы, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің кейбір мәселелері қаралды.

Осы жылы «KAZAKH INVEST» қолдауымен жалпы сомасы 4,1 млрд долларға шетелдіктердің қатысумен 45 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде Ұлттық компания 1952 өтініш өңдеп, инвесторлардың қызметіне қатысты визалық мәселелер, инвестициялық преференциялар және заңнама бойынша консультациялар берген.

Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шетелдік компаниялар үшін Қазақстан өңірлеріне 212 іс-сапар ұйымдастырылды. Олардың шеңберінде салалық министрліктермен, әкімдіктермен, квазимемлекеттік сектормен, қаржылық даму институттармен, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар 13 ірі инвестициялық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы