Үкімет басшысы елдегі эпиджағдайды жақсарту үшін қандай тапсырма берді?

24 Тамыз 2021, 10:43
4510
Бөлісу:
Үкімет басшысы елдегі эпиджағдайды жақсарту үшін қандай тапсырма берді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин еліміздегі эпиджағдайды жақсарту үшін бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ ол елдегі жалпы эпидемиологиялық ахуалды бағалады.

Жалпы алғанда, эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді, аурушаңдық деңгей біртіндеп төмендей бастады. Соңғы апта ішінде вирустың репродуктивтілік индексі 1-ден төменге түсіп, қазір 0,93-ті құрап отыр, - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол Түркістан облысынан басқа өңірлердің «қызыл аймақта» екендігін алға тартты. Төсек-орын жүктемесіне де тоқталып өтті.

Инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 49%-ға және реанимациялық төсек-орындар жүктемесі 46%-ға тең. Екпенің бірінші компонентімен 6,5 млн адам вакцинацияланған, ал екінші компонентті 5 млн-нан астам адам салдырған. Вакцинация бойынша науқанды әрі қарай да күшейту керек. Жағдайды бақылауға алуды Ералы Тоғжановқа (Премьер-министрдің орынбасары – ред.) тапсырамын, - деп атап өтті Асқар Мамин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі күзде елдегі эпиджағдайдың қалай болуы мүмкін екендігін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы