Үкімет басшысы: Екібастұзда жылу желілерінде жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр

4 Желтоқсан 2022, 18:47
1126
Бөлісу:
Үкімет басшысы: Екібастұзда жылу желілерінде жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Премьер-министрдің айтуынша, бүгін Екібастұз қаласында жүрген орынбасары Роман Склярмен телефон арқылы сөйлескен.

4 желтоқсандағы таңертеңгі жағдай бойынша 5А, 5Б және 6-шы шағын аудандарында 11 үйге жылу беру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Дайындық деңгейі жоғары. Сонымен қатар аталған үйлерде жылу радиаторлары мен жылу жеткізу желілері ауыстырылып жатыр. Кешке пәтерлерге жылу беріледі деп күтілуде, - деп жазды Әлихан Смайылов әлеуметтік желідегі парақшасына.

Сонымен қатар ол қалада жылудың беріліп жатқанына тоқталды.

Жалпы қазіргі кезде жылу берілген, бірақ ішкі инженерлік коммуникацияларды, атап айтқанда кәріз және сумен жабдықтау құбырлары мен т.б. ауыстыруды қажет ететін үйлер бақылауда. Жұмыс толық аяқталғанға дейін барлық ұйымдар бұл үйлерден кетпейді. Қаладағы апат салдарын жою үшін барлығы 484 адам тартылды. Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде. Бұл мәселе бақылауда. Қалған үйлердің барлығына жылуды мүмкіндігінше тезірек қосу үшін барлық күш-жігер жұмсалатын болады, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы