Қару сатқан қылмыстық топтың қатысушыларына үкім шықты

10 Қазан 2019, 21:48
1558
Бөлісу:
Қару сатқан қылмыстық топтың қатысушыларына үкім шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 21 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты жауынгерлік қару өткізумен айналысқан қылмыстық топтың қатысушыларына үкім шығарды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

"Қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы С. Бимурзин ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлімі, ал оның істесі Ф.Турсунов ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлімі және 296-бабы 3-бөлімі бойынша көзделген қылмысты жасағандары үшін кінәлі деп танылды. Көрсетілген адамдар тиісінше 5 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ құқық бұзушылықты бірінші рет жасағанын, кінәсін мойындағанын және тергеумен қарқынды ынтымақтастығын ескере отырып, жаза шартты түрде тағайындалды", - делінген хабарламада.     

2019 жылы 15 ақпанда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері С.Бимурзиннен 605 мың теңгеге бәсеңдеткіші бар "ТТ" (Тульский Токарев) тапанша мен 10 патронды бақылау сатып алуын жүзеге асырғанын атап өткен жөн.

2019 жылы 18 ақпанда бәсеңдеткіші бар "ПБ" (Дыбыссыз тапанша) тапанша мен 50 оқ-дәріні 675 мың теңгеге бақылау сатып алуы жүзеге асырылды, ол Ф.Тұрсыновқа тиесілі "Kaspi Gold" банк картасына аударылды.

Осы жылдың 12 наурызында Алматы қаласы ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері мен ҚР Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесі С.Бимурзин мен Ф.Турсыновты ұстады.

Ф.Тұрсыновтың тұрғылықты жері бойынша (Достық даңғылы, 116-үй) тінту барысында "Reck" маркалы газбен атылатын тапанша (сақтауға рұқсаты өзімен бірге болмады), салмағы 196 гр. марихуанасы бар үш полиэтилен пакеті, "Kaspi Gold" банк картасы, сондай-ақ іс үшін мәні бар өзге де заттар табылды.

Өзгелердің жаңалығы