«Үкілі домбыра» аймақтық байқауының жеңімпаздары белгілі болды

12 Желтоқсан 2022, 18:47
1190
Бөлісу:
«Үкілі домбыра» аймақтық байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Абай облысының Көкпекті ауданында «Үкілі домбыра» аймақтық байқауының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Өнер сайысына аймақтың төрт ауданынан 30-ға жуық оқушы қатысып, шертпе күй шертіп, дәстүрлі әнді дәріптеді. Шара осы өңірде тұңғыш рет домбыра оркестрін құрып, саз мектебін ашқан күйші, ұстаз Нұрлан Қожықовты еске алу мақсатында өткізілді. Байқау қорытындысына сай домбыра шертуден Нұрым Бақытов пен Балнұр Андраш, ән шырқаудан Нұрай Тұрсын бас жүлдені иеленді. 

Үздік өнер көрсеткен оқушылар «Шебер орындаушы», «Үздік домбырашы», «Шертпе күй шебері», «Көрермендер көзайымы» аталымдары бойынша марапатталды. Өнерпаз ұрпақтарының демеушілігімен алғаш рет жас күйшілердің басын қосқан сайыс алдағы уақытта жалғасын табады. 

Мені күйге атам әкелген болатын. Домбыраға қатысқалы 5 жыл болды. Құрманғазының «Балбырауын», Дина Нұрпейісованың «Науысқы», Дәулеткерейдің «Көрұғлы», Зайсанда тұратын Кәлек деген кісінің «Арман» деген күйі бар. Сол күйді орындадым., - деді бас жүлде иегері Нұрым Бақытов.

Байқау жоғары деңгейде өтті. 

Қуантарлығы, байқау жоғары деңгейде өтті. Ерекше атап өтерлігі, аймағымызға тән шертпе күйлер орындалды. Бұл көңіл қуантарлық жәйт. Балалардың ынта-ықыласы жоғары болды. Олай дейтініміз, Байжігіттен бастап, Бейсенбі, Қайрақбай, бергідегі Қазен Әбуғазы атамыздың күйлерін бір-бірінен асыра орындады, - деді  күйші, қазылар алқасының  төрағасы Шалқар Рысханов.  

Өзгелердің жаңалығы