Уханьда коронавирустан қаза тапқан дәрігердің әйелі сау баланы дүниеге әкелді

12 Маусым 2020, 11:17
1380
Бөлісу:
Уханьда коронавирустан қаза тапқан дәрігердің әйелі сау баланы дүниеге әкелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уханьда жаңа коронавирус індетінің пайда болғанын алғаш болып хабарлаған дәрігер Ли Вэньлянның жұбайы сау ұл баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды "Пэнпай" газеті.

Газет жазғандай, ана мен нәресте толығымен сау. Қайтыс болған дәрігердің жұбайы Фу Сюэцзен "WeChat" әлеуметтік желісіндегі аккаунтында "Сүйіктім, сен жұмақтан мұны көрдің бе? Сенің ең соңғы сыйлығың бүгін дүниеге келді" деп жазған.

Еске салсақ, Ухань қаласындағы орталық аурухананың докторы Ли Вэньлян 30 желтоқсанда әріптестеріне WeChat әлеуметтік желісі топтарында SARS-тың жеті оқиғасы "Хуанань" теңіз өнімдері нарығында расталғаны туралы жазады. 

Ол жаңа коронавирус басқа штаммға қатысты екенін білмеген. Ли Вэньлян түрлі қытайлық әлеуметтік желілерде тарады.

Келесі күні Ли Вэньляна мен әлеуметтік желілерде өршіп кету туралы хабар таратқан жеті дәрігер Ухань қаласының полициясына шақыртылды. Оларға ескерту жасалып, алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті бұзатын "онлайн жалған хабарламаларды" таратпау ескертілді.

Кейін 11 қаңтарда ол өзінің Weibo микроблогтар сервисінде жөтел мен жоғары температура пайда болғанын жазды. Өзінің соңғы  жазбасында дәрігер коронавирусты жұқтырғаны туралы хабарлайды. 7 ақпанада ол індеттен көз жұмады. Ли Вэньлянның артында  жүкті әйелі мен баласы қалады.

Наурыз айында Ухань қаласының полициясы қаза тапқан дәрігердің отбасынан ресми түрде кешірім сұрады. Қытайда бұл дәрігерді "батыр" деп есептейді. 

Ал Хубэй провинциясының үкіметі сәуір айының басында Ли Вэньлянға "қаза тапқан батыр" атағын берді.
Өзгелердің жаңалығы