Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы айтты

4 Желтоқсан 2019, 11:39
7946
Бөлісу:
Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің қашан жекпе-жек өткізетінімді бәрі сұрап жатыр. Дебюттің қашан өтетіні келесі жылдың басында белгілі болады", - деп жазды Рахмонов Instagram желісіндегі парақшасында.

Рахмонов UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық атанған еді. Ол ММА-де 12 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған.

Рахмонов соңғы жекпе-жегін биыл маусымда Нұр-Сұлтанда өткізген, сол кездесуде бразилиялық Тьяго Варежао Ласерданы нокаутпен жеңіп, M-1 Global чемпионы титулын қорғап қалған болатын.
Өзгелердің жаңалығы