UFC 291. Тони Фергюсон алтыншы рет жеңілді

30 Шілде 2023, 17:38
803
Бөлісу:
UFC 291. Тони Фергюсон алтыншы рет жеңілді
Фото: Global Look Press

Шілденің 29-нан 30-на қараған түні Солт-Лейк-Ситидегі (Юта, АҚШ) Energy Solution аренасында UFC 291 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жектердің бірінде Тони Фергюсон Бобби Гринмен кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, Гриннің жеңісімен аяқталды.

Тони қатарынан алтыншы кездесуде жеңілді.

Бобби Гриннің еншісінде 30 жеңіс, 14 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар.

Кештің басты жекпе-жегі америкалық Дастин Порье мен Джастин Гэтжидің жекпе-жегі болмақ.

Өзгелердің жаңалығы