UFC 249 турнирі 18 сәуірде өтпейтін болды

10 Сәуір 2020, 10:24
1491
Бөлісу:
UFC 249 турнирі 18 сәуірде өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC 249 турнирі 18 сәуірде өтпейтін болды. Бұл туралы UFC басшысы Дана Уайт мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Біз басынан бастап турнирді ұйымдастыруға күш салдық. Бүгін бізге ESPN басшылығынан қоңырау келіп түсті, бізден келесі сенбіде турнирді өткізбеуді өтінді, - деді Уайт ESPN-ге берген сұхбатында.

Ол UFC-мен келісімшарты бар файтерлерді қаржылық мәселеге алаңдамауға шақырды, ол жоспардағы кездесулердің бәрі өтетініне уәде берді.

6 сәуірде Дана Уайт UFC 249 турнирінің өтетінін мәлімдеген еді, бірақ оған Хабиб Нурмагомедов қатыспайтынын айтқан болатын.   

UFC 249 турнирі 18 сәуірде Бруклинде өтуі керек болатын, артынша Нью-Йоркке ауыстырылған. 

Өзгелердің жаңалығы