Қазақстанның соңғы жаңалықтары

УЕФА Қазақстанда екі футбол академиясын салады

18 Маусым 2025, 15:42
550
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстанда УЕФА-мен бірлесіп футбол академияларын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, елімізде футбол академияларын салу жоспарда бар.

УЕФА-мен бірлесіп академия салу жоспарланып отыр. Бір емес, бірнеше академия салу көзделген. Екі ірі қалада академия салу жоспарлануда. Бірақ ең бірінші жоба – Талғар ауданында жүзеге асырылады, - деді министр.

Ол бұл бастама аясында УЕФА әдістемелерін енгізу және осы саладағы кәсіби мамандарды тартудың маңыздылығын да атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы