Әуе дабылы түркістандықтардың зәресін алды

6 Мамыр 2020, 10:44
1907
Бөлісу:
Әуе дабылы түркістандықтардың зәресін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 9.00 шамасында қаланың 32 жерінде орналасқан дыбыстық дабыл арқылы "әуе дабылы" беріліп, салдарынан халық арасында түсініспеушілік жағдай туындаған.

Аталған дыбыстық дабылдан күнделікті коронавирус індетінің алдын алу және орындайтын талаптар бойынша ақпарат айтылатын. Техникалық ахауға байланысты басылған дабыл үшін кінәлі тұлғалар анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Орын алған қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында. 



Өзгелердің жаңалығы