ҰБТ тапсырған үміткерлер апелляцияны қалай береді?

7 Шілде 2022, 12:39
1507
Бөлісу:
ҰБТ тапсырған үміткерлер апелляцияны қалай береді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Руслан Емелбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде айтты. 

Биыл тестілеу алғаш рет «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізілді. Оқуға түсушінің тест тапсыру орнында негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы веб-камера орнатылады. Фронталды веб-камера талапкердің жеке басын сәйкестендіруге және ҰБТ кезінде бөгде адамдардың кіруін болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл қағидат емтихан тапсыру барысына бақылау жүргізу және тестілеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет, - деді ол. 

Емелбаев айтқандай, қабылданған шаралар арқасында қаңтар, наурыз және негізгі ҰБТ қорытындылары бойынша бөгде адамдарды кіргізуге тырысудың тек бір фактісі тіркелді. 

ҰБТ-ның үшінші аптасында қатысушы өзінің орнына басқа тұлғаны (ағасын) жіберген. ҰБТ-ға кіргізу барысында Face-ID жеке басын сәйкестендіру жүйесі бөгде адамды анықтады. Тиісті іс-шаралар қабылданды. Естеріңізге сала кетсем, өткен жылы бұндай 18 жағдай анықталған еді. Өткізу форматы, уақыты өзгеріссіз қалды. Электронды форматқа көшкеннен бері апелляция беру рәсімі жеңілдеді. Өткен жылдар сияқты аппеляцияны келесі күні емес, үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде бере алады. Негізгі ҰБТ-2022 барысында 50 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның ішінде 318 өтініш қанағаттандырылды, - деді ол. 

Айта кету керек, ҰБТ штаттық режимде және қандай да бір форс-мажорсыз өтті.

Өзгелердің жаңалығы