ҰБТ-сыз грант. Әскерилерді іріктеуде «алалау» болуы мүмкін бе?

25 Қараша 2022, 14:17
1647
Бөлісу:
ҰБТ-сыз грант. Әскерилерді іріктеуде «алалау» болуы мүмкін бе?

Бұл туралы Желмая жобасының бүгінгі қонағы – Қорғаныс министрлігі бақ-пен жұмыс басқармасының бастығы Руслан Жангулин мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жоба - 2023 жылы қолға алынады. Іріктеудің де тәртібі әртүрлі болмақ. Көбі бұл іріктеуде әскер арасында «алалау» болады деп ойлауы мүмкін. Осы тұрғыдан да механизм қарастырдық. Яғни, жыл бойы сарбаздың жинаған нәтижелері мен көрсеткіштері Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында цифрлық платформада орналасады. Оған ешкім өзгеріс енгізе алмайды. Біз тәуелсіз қоғамдық бірлестіктер мен «Аналар» ұйымымен бірлесіп жұмыс істейміз. Олар бізден мүлдем тәуелсіз екенін айтқым келеді. Міне, бұл ұйымдар сарбазздың мерзімі аяқталар кезде іріктеуге қатысады, - деді Руслан Жангулин.

Оның атап өтуінше, жыл сайын 35 мыңға тарта азамат әскер қатарына шақырылады. Оның 10 пайызы тегін оқуға мүмкіндік алады.

Яғни, бұл дегеніміз, жыл сайын 3 мыңға тарта азамат тегін оқиды. Әрине, әскер қатарына құлшынысы аз жастарда баршылық, бірақ қызмет етуге даяр, отан алдында қызметімді өтеймін, елімді қорғаймын деген де азаматтар баршылық. Біржақты қарауға болмайды, - деді Жангулин. 

Өзгелердің жаңалығы