ҰБТ-ның екінші кезеңі аяқталды

6 Сәуір 2023, 13:30
1392
Бөлісу:
ҰБТ-ның екінші кезеңі аяқталды
Фото: Егемен Қазақстан

Наурыз айындағы Ұлттық біріңғай тестілеу кезінде 200-ге жуық оқушы ереже бұзды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы наурыз айындағы ҰБТ аяқталды. Ол 10 наурыздан бастап 31 наурызға дейін жүргізілді.

Республика бойынша 111 мыңға жуық талапкер ҰБТ тапсырды. Оның ішінде түлектердің 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде, 141 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, - делінген Ұлттық тестілеу орталығы ҚР ҒЖБМ баспасөз хабарламасында.

Оның ішінде:

78% талапкер шекті балл жинады;

Орташа көрсеткіш 70 балды құрады;

Ең жоғары балл – 136;

ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 237 бала қатысты.

Тестіленушілердің басым бөлігі, яғни 19%-ы «Математика-Физика», 19%-ы «Биология-Химия» комбинацияларын таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа «Математика-Информатика» комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 11%-ы тапсырған, - деп атап өтті мекеменің баспасөз қызметі.

Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 85 талапкер тестілеуден өту мүмкіндігінен айрылды. Ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін 109 адам  аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бұл ретте бөгде тұлғалар анықталмады. Сондай-ақ ҰБТ кезеңінде электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 30 мыңға жуық өтініш өңделді. 

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айындағы ҰБТ нәтижесімен ЖОО-ға тек ақылы бөлімге оқуға түсуге болады.

Өзгелердің жаңалығы