"ҰБТ-дан жоғары балл алып беремін" деген білім қызметкері парамен ұсталды

4 Шілде 2019, 13:22
3309
Бөлісу:
"ҰБТ-дан жоғары балл алып беремін" деген білім қызметкері парамен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин "ҰБТ-дан жоғары балл алып беремін және грантқа түсіремін" деп азаматтан ақша алған Шымкент қаласындағы білім басқармасының ісі әшкереленгенін мәлімдеді. 

"Шымкент қаласында жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша Шымкенттің Білім басқармасының маманы Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балға уәде беріп, одан әрі грантқа түсуге көмек көрсету үшін М. Кенесбайдан алдын ала алған 500 мың теңгенің 125 мың теңгесін қайтару кезінде ұсталу фактісі бойынша әшкереленді", - деп айтты Арман Бердалин.

Осыған дейін департамент директоры ҰБТ кезінде аудан әкімі орынбасараының Білім және ғылым министрлігінен өңірлерге жіберілген комиссия өкілімен "кездесу ұйымдастырамын" деп мектеп диреткорларынан ақша жинау фактісінің анықталғанын хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы