ҰБТ-2022: Биыл тестілеуге қандай өзгерістер енгізілді?

26 Қаңтар 2022, 18:21
11358
Бөлісу:
ҰБТ-2022: Биыл тестілеуге қандай өзгерістер енгізілді?
Фото: kazlenta.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «БҒМ LIVE» жобасында «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Руслан Емелбаев биылғы ҰБТ-ға енгізілген жаңашылдықтар туралы айтып берді.

25 қаңтарда қаңтарда өтетін ҰБТ басталды. Бастапқыда бұл тестілеуді 10 қаңтар-10 ақпан аралығында өткізу жоспарланған болатын. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ҰБТ-ны өткізу 25 қаңтар-22 ақпан аралығына ауыстырылды. Тіркелу уақыты 21 қаңтарға дейін жүргізілді. Электронды форматқа ауысқаннан бастап әрбір оқушы онлайн тіркеуден өзі өте алады. Ол тапсыратын күнін, уақытын және жерін дербес таңдай алады. Бұл – оқушыға берілген үлкен мүмкіндік, - деп айтты Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

Оның сөзінше, қаңтарда тапсыратын ҰБТ-ға оқушыларды ешкім мәжбүрлемейді. Тіпті негізгі ҰБТ-ны тапсыру әр оқушының өз еркінде.

Қазіргі таңда қаңтардағы ҰБТ-ға 104 мыңға жуық өтінім қабылданды. Оның 95%-ы биылғы жылғы 11-сынып оқушылары, ал қалған 5%-ы шартты негізде университеттерде білім алып жатқан І курс студенттері.

2022 жылғы ҰБТ «бір компьютер – екі камера – бір тестіленуші» принципімен өткізіліп жатыр. Ең басты мақсат – ҰБТ-ның таза және әділ өтуі. Сол себепті ҰБТ өтіп жатқан 42 пункте әрбір монитордың үстіне екінші фронтальді камера қойылды. Бұл камераның басты мақсаты – тестіленушінің жеке басын сәйкестендіру, - деп айтты Руслан Емелбаев.

Директордың айтуынша, тестіленуші кабинетке кірмес бұрын алдымен биометриялық анықтаудан өтеді, оның дене қызуы өлшенеді, залға кіргеннен кейін компьютердің алдында тағы да сәйкестендіруден өтеді. Содан кейін барып қана оқушы тестілеуді бастай алады.

2020 жылдың басты ерекшеліктерінің бірі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қосымша 40 минут уақыт бөлінді. Сонымен қатар оларға тестілеу пунктерінде арнайы орын бөлінді. Сонымен қатар бұл талапкерлерге тіпті сұрақтарда арнайы құрастырылып жатыр. Яғни бұл талапкерлерге арнайы нұсқа құрастырылды.

Биылғы жылдың ҰБТ форматында ешқандай өзгеріс жоқ. Тапсыратын пәндер саны өзгерген жоқ – екі бейінді және үш міндетті пән қамтылады. Тест тапсырмалараның саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы – 20 және екі бейінді пәннен 35 тапсырмадан беріледі. Тестілеуді өткізу уақыты – 4 сағат (240 минут), - деп түсіндірді ол.

ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады.

ҰБТ кезінде ең көп талқыланатын пәннің бірі – Қазақстан тарихи. Биыл бұл пәннің сұрақтарының сапасын жақсарту мақсатында оған арнайы контекстік сұрақтар енгізілді. Қаңтардағы ҰБТ-да талапкерлерге осы сұрақтар кездесіп жатыр. Жалпы оқушылар ҰБТ-ны жылына бірнеше рет тапсыра алады. Яғни қаңтарда, наурызда, ал жазда негізгі ҰБТ-ның нәтижесі бойынша талапкерлер ЖОО-ның мемлекеттік грант конкурсына құжаттарын тапсыра алады. Ал төртінші ҰБТ тамызда өтеді. Қаңтар, наурыз, тамызда ҰБТ ақылы, ал негізгі ҰБТ тегін өтеді, - дейді Руслан Емелбаев.

Өзгелердің жаңалығы