ТЖМ Жетісу облысында қар құрсауынан 13 адамды құтқарды

1 Наурыз 2024, 01:49
386
Бөлісу:
ТЖМ Жетісу облысында қар құрсауынан 13 адамды құтқарды
Фото: скрин

Жетісу облысында қар құрсауынан 13 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

29 ақпан күні «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында қар құрсауында 3 жеңіл автокөлік тұрып қалды.

Құтқарушылар Әбділдаев Қуандық, Әбіш Мәди, Тютерев Олег, Жарылқасын Ғазиз қар құрсауынан 13 азаматты, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Медициналық көмек қажет емес. Азаматтар Көктұма станциясына жеткізілді.

Ел азаматтарынан қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз, - деп жазды ТЖМ.

Өзгелердің жаңалығы