ТЖМ су тасқыны жағдайы туралы соңғы мәліметтермен бөлісті

10 Сәуір 2024, 00:05
354
Бөлісу:
ТЖМ су тасқыны жағдайы туралы соңғы мәліметтермен бөлісті
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында су тасқыны жағдайы туралы соңғы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы сағатта азаматтық қорғау қызметтері 88 мыңға жуық адамды, оның ішінде 30 мыңға жуық баланы құтқарды және эвакуациялады. Уақытша орналастыру пункттерінде 7 мыңнан астам адам, оның ішінде 3 500 бала бар. Авариялық-құтқару жұмыстарына шамамен 24 мың адам және 3000 аса техника, 10 әуе кемесі тартылды. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 8 млн м3 астам еріген су сорылды, 1,2 млн астам қапшық және 1 млн 112 мың тонна инертті материал төселді, - деп атап өтті комитет өкілі.

Сондай-ақ еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 28 ТЖ әрекет ететіні белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы