ТЖМ: Семейде аулалардан еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізілуде

12 Наурыз 2024, 07:48
355
Бөлісу:
ТЖМ: Семейде аулалардан еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізілуде
Фото: BAQ.KZ архив

Семей қаласында аулалардан еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Семей қалалық ТЖД күштерімен тұрғын үйлердің аумақтарында, атап айтқанда Қажымұқан, Репин, Красин және Городская көшелерінде қардың қарқынды еруі нәтижесінде пайда болған еріген суларды айдау жүргізіліп жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған көшелерде еріген қар суын айдау жұмыстары аяқталды. Барлығы 1200 текше м.астам су сорылды.

ЖАО мен ТЖД қызметкерлері жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өзгелердің жаңалығы