ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

10 Шілде 2024, 00:18
197
Бөлісу:
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Фото: Арман Мухатов -архив

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Министрлік ата-аналарды суға шомылу кезінде балаларға абай болуға шақырып отыр.

Балаларды суға жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар, - делінген хабарламада.

Судағы қауіпсіздік ережелері:

  • шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
  • тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
  • қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
  • мас күйінде суға түспеңіз;
  • су көліктеріне жақын жүзбеңіз.

Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз!

Өзгелердің жаңалығы