ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

25 Мамыр 2024, 01:25
475
Бөлісу:
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Фото: Арман Мухатов -архив

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство орманға барған кезде өрттің алдын алу шаралары туралы айтты.

Ормандарға барған кезде өрттің алдын алу үшін:

  • Өртке әкелуі мүмкін жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын немесе жанып тұрған материалдарды орманға тастамаңыз.
  • Қалың бұталар мен қылқан жапырақты жағудан немесе мангал жағудан аулақ болыңыз, өйткені бұл өрттің тез таралуына әкелуі мүмкін.
  • Ыстық ауа-райында құрғақ өсімдіктердің өртенуіне әкелуі мүмкін шыны заттарды қалдырмаңыз.
  • Орманға өрттің тез таралуын болдырмау үшін құрғақ шөпті жағуға болмайды.
  • Өрт туындаған жағдайда 101 және 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.
Өзгелердің жаңалығы