ТЖМ: Қарағандыдағы газ жарылысы расталған жоқ

11 Қаңтар 2023, 00:45
926
Бөлісу:
ТЖМ: Қарағандыдағы газ жарылысы расталған жоқ
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі газ жарылғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Газ жарылысы расталмады. Оқиға орнында газ құрылғылары табылмады. Ешқандай қираулар немесе құрылымдық бұзылулар жоқ. Жылу жүйелері бұзылмаған. Өрттің шығу себебі анықталуда. Тұрғындарды жылыту үшін ТЖД 3 вахтовкасы жұмылдырылды. Эвакуацияланған тұрғындар туыстарына және қаладағы қонақүйлерге орналастырылады. Оқиға орнында психологтар жұмыс істеуде, - делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада. 

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні сағат 21:29-да Қарағанды қаласы Республика даңғылы, 18/2 бойында өрт шыққаны туралы жазған болатынбыз. 

16 қабатты бір кіреберісті 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-ші қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақта өрт шыққаны белшілі болды. 

1979 жылы туған ер адам жанып жатқан пәтерден құлап, медициналық мекемеге жатқызылды. Барлау кезінде үш адамның (екі ер адам мен бір әйел адам болуы мүмкін) мәйіті табылды. ТЖД күштерімен 48 адам, оның ішінде 9 бала кіреберістегі пәтерлерден құтқару қалпақтарының көмегімен шығарылды және 82 адам (оның  21-і – балалар) эвакуацияланды. Сағат 22:55-те өрт оқшауланды. Оқиға орнына ТЖМ 88 адамы мен 23 бірлік техникасы жұмылдырылды, - деп атап өтті ведомствода.

Қазіргі сәтте тұрғындарды пәтерге қайтару мәселесі шешіліп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы