Төтенше жағдай: Қарағандыда 16 қабатты үйде газ жарылды

10 Қаңтар 2023, 22:55
1317
Бөлісу:
Төтенше жағдай: Қарағандыда 16 қабатты үйде газ жарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қарағанды қаласында 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде газ жарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде сыртқы белгілері бойынша 8-қабаттағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқан.

Құтқарушылар кіреберістегі пәтерлерден адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізуде. Кіреберісті қою түтін басты.

Бір кіреберісі бар 16 қабатты 127 пәтерлі үйдің 8-қабатындағы пәтерде газ жарылысы болған. Пәтер ашық жалынмен жанып жатыр. Үй кіреберісіне түтін қатты тараған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, шұғыл-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы күштері мен құралдары, жеке құрамның 50 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ, - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкіл Руслан Иманқұлов.

Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД, Жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының жалпы саны жеке құрамнан 50 адам мен 12 бірлік техника жұмыс жүргізіп жатыр.

Тұрғындарды жылыту үшін Қарағанды облысы ТЖ департаментінің үш вахталық автобусы бара жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы