ТЖМ биологиялық арнайы барлау машиналарымен толықтырылады

21 Желтоқсан 2023, 18:07
442
Бөлісу:
ТЖМ биологиялық арнайы барлау машиналарымен толықтырылады
Фото: ТЖМ

ТЖМ техникалық тапсырмасы бойынша радиациялық, химиялық және биологиялық барлаудың түбегейлі жаңа арнайы машинасы әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта ТЖМ-нің және Қазақстанның барлық Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық арнайы барлау машиналарының негізгі паркі ескірген және жаңартуды қажет ететін кеңес кезінде өндірілген автомобильдерден тұрады.

Осыған байланысты ТЖМ "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС отандық қорғаныс кәсіпорнының инженерлерімен бірлесіп алдыңғы қатарлы әлемдік стандарттардың талаптарына жауап беретін арнайы техника жабдықтарын жинақтау пысықталып, бекітілді.

Бүгінгі таңда әзірленген техниканың Қазақстанда және посткеңестік кеңістік елдерінде аналогтары жоқ.

Бұл автомобильдер біздің елімізде де, шетелде де табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін, оның ішінде гуманитарлық миссияларда да пайдаланылатын болады.

Қазіргі уақытта "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС өзінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын орындады және шарттық міндеттемелер шеңберінде ТЖМ әскери бөлімдерінің арнайы-құтқару машиналарының паркін толықтыратын "Алан-2" броньдалған доңғалақты машинасының базасында радиациялық, химиялық және биологиялық барлау кешендерінің 2 бірлігін беруге дайын.

Жаңа техниканың тұсаукесері төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың қатысуымен өтті.

"Алан-2" БДМ демонстрациясына Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бейінді мамандары қатысты.

Тұсаукесерде кешеннің негізгі параметрлері көрсетілді, техногендік сипаттағы ТЖ жою жөніндегі міндеттерді орындау кезінде есептоптың практикалық әрекеттері көрсетілді.

Сырым Шәріпханов жаңа техникаға жоғары баға берді.

2024 жылы әскери бөлімдерді жасақтау үшін елдің батысы мен шығысында тағы екі бірлік техниканы жеткізу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы